Ізденбеген ілгері баса алмайды

 Мемлекеттік қызметші үш жыл сайын өз біліктілігін арттырып отыруы тиіс. Егер, талап орындалмаса, мекеме басшысы жауапқа тартылады. Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінде «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» тақырыбында өткен «дөңгелек үстелде» кеңінен айтылды.

  Жиынға сала мамандары мен ардагерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысып, тақырып аясында өз ойларымен бөлісті. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, соның ішінде мемлекеттік аппараттың кәсі-билігін түбегейлі арттыруға, мемлекеттік қызмет жүйесін дамытуға, имиджін көтеруге бағытталған 15 қадамды талқылады. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен айтылды.

 «Заңдылыққа сәйкес, мемлекеттік қызметші үш жыл сайын өз біліктілігін арттырып отыруы маңызды. Егер, бұл талап қандай ма бір себептермен кейінге қалдырылып, уақытылы орындалмаса, мекеме басшысы жауапқа тартылады. 2017 жылы барлық мемлекеттік қызметшілер арасында кешенді тестілеу өткізіледі. Облыстағы үш мыңнан аса сала маманы аталған сынаққа да-йындалуда», – деді Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Атырау облысы бойынша департаментінің өкілі Аслан Кәрімжанов.

  Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерге бүгінде емханада дәрігердің тексерісінен кезексіз өтуге мүмкіндік туды. Олар қызметтік куәліктерін көрсету арқылы өз уақытын үнемдей алады. Сала өкілдерінің тізімі медициналық мекемелерде арнайы базаға енгізілді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз