ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІНІҢ МӘНІ НЕДЕ?

Кеше «Атырау» мәдени кешенінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай алыс-жақындағы жеті елдің дін өкілдерінің басын қосқан «Ислам мәдениеті: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен оларға қарсы тұрудың жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталған шараға Египет, Сауд Арабиясы, Ливан, Түркия, Сирия, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей елдеріндегі белгілі теолог-ғалымдар қатысып, діни экстремизм мен радикализм идеяларына қарсы тұрудың халықаралық тәсілдерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты.

Конференцияның негізгі бөлімі — пленарлық мәжілісті облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан жүргізді. Басқосу барысында Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб-мүфтиі Наурызбай Өтпенов, Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы дін істері жөніндегі комиссияның талдау бөлімінің меңгерушісі Гүлназ Исаева, Ресей мұсылмандары діни басқармасының ішкі істер департаменті басшысы Ренат Ислямов, Қазақстандағы Түркия Республикасы елшілігінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Йылмаз Ибрахим, «Нұр-Мүбарак» Египет-ислам мәдениеті университетінің ректоры, Фиқһ ғылымдарының докторы, профессор Жуда Басюни, Египеттегі Әл-Азхар университетінің оқытушысы Хашим Мухаммад Жамалуддин Махмуд Омар және басқа елдердің ғалымдары мен сарапшыларының мазмұнды баяндамалары тыңдалды.

Дін саласындағы проблемаларды шешу бойынша тәжірибе алмасу, халықаралық тәжірибелер негізінде еліміздегі діни экстремизм мен радикализмнің қауіп-қатеріне қарсы тұрудың ғылыми-идеологиялық тәсілдерін пысықтау мақсатында ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның секциялық жұмыстары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өтті.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Суретті түсірген

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

(Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциядан толық материалды газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар). 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз