Ислам әлеміндегі ең үлкен кітапхана ашылды

Дін Жаңалықтар Руханият

Atr.kz/24 ақпан, 2020 жыл.  Анкара қаласында Ислам әлеміндегі ең үлкен кітапхана ашылды.

Аталған білім ордасы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның бастамасымен салынған. Мәдени ғимарат селжүк, османлы және осы заманғы сәулет үлгісі бойынша тұрғызылды.

Кітапхана есігі оқырмандарға тәулік бойы әрі демалыс күндері де ашық болады.

Кітапхана бір мезгілде 5 мыңға тарта оқырманға қызмет көрсете алады. Кітап қоры – 4 млн баспа өнімі, 120 млн-нан аса электронды файл.

Кітапхананың президент сарайының жанында бой көтеруі де оның маңыздылығын айғақтайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған