Исатай ауданында жетінші мұнай айдау стансасы іске қосылды (ФОТО)

IMG 1398 Жаңалықтар

Атырау облысының Исатай ауданында жетінші мұнай айдау стансасы пайдалануға берілді. Сонымен, «Каспий құбыр консорциумы – Қазақстан» (КҚК-Қ) АҚ компаниясының Кеңейту жобасы бойынша жоспарлаған жұмыстары толығымен аяқталды.

IMG_1398

Осыған байланысты өткен салтанатты рәсімге Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков, «КҚК-Қ» АҚ бас директоры Н.Горбань, «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұртас Шманов  және «КСС» компаниясының бас директоры Сәбит Жанасов  қатысты.

IMG_1324

Айта кету керек, компанияның тұрба құбыры жүйесі – ТМД аумағында энергетика саласында шетел капиталының қатысуымен жүзеге асқан аса ірі жобалардың бірі. «Теңіз» кенішінен бастау алып, Новороссийскідегі теңіз терминалымен байланыстыратын  құбырдың жалпы ұзындығы 1511 шақырымды құрайды. 2014 жылы кеңейту жобасының алғашқы кезеңі аяқталса, енді міне, екінші кезеңі де өз мәресіне жетіп отыр.

IMG_1146

Осылайша, оның шеңберінде бұрыннан жұмыс істеп тұрған бес мұнай айдау стансасы қайта жаңғыртудан өткізілсе, жетеуі (алтауы Ресей Федерациясының, біреуі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан) жаңадан салынып, іске қосылды. Ал, кеше іске қосылған жетінші станса – биылғы жылдың еншісіндегі үшіншісі. Нақтыласақ, 8 тамызда «МАС-8» (Краснодар өлкесінде) және сол айдың 23-інде Ставропольде («МАС-5») тұсауы кесілді.

IMG_1011

Кеңейту жобасы қолға алынбас бұрын өткізгіштік қабілеті жылына 28,2 млн. тоннаны құраса, қазір 67 млн. тоннаға немесе екі еседен артық өскелі отыр. Жобаның құны 5,4 млрд. АҚШ долларын құрайды.

IMG_0842

«Бұл – Елбасының тапсырмасымен жүзеге асып отырған ел өмірінде ерекше орын алатын аса маңызды оқиға. Мұндай ірі жобалардың экономикамызды дамытумен бірге, әлеуметтік саланы да өркендетуге септігін тигізері сөзсіз»,-деді аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлы.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз