Исатай ауданында 60 отбасы баспаналы болды (ФОТО)

IMG 5704 Жаңалықтар

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында «Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету 2050 жылға дейінгі Стратегияның басым бағыттарының бірі және жалпы ұлттық міндет болып қалуда» деп, халықты тұрғын үймен қамтудың маңыздылығын көрсеткен болатын. Осыған орай, Исатай ауданының орталығы Аққыстаудан салынған 60 пәтерлік тұрғын үй ел игілігіне берілді.

IMG_5704

Тұрғындарға жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстаған Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев, «әртүрлі әлеуметтік топтарға қолдау көрсету негізінде ауданымызда екінші үй беріліп жатыр. Бұл тұрғын үй облыс басшыларының, облыстық құрылыс басқармасының қолдауымен және «NCOC» (North Caspian Operating Company) компаниясының демеушілігімен салынды. Құрметті аудан тұрғындары, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін, қоныстарыңыз құтты болсын»,-деді.

IMG_5725

Сонымен қатар, «NCOC» компаниясының әлеуметтік инфрақұрылым департаментінің басшысы Руслан Әубекеров, компания соңғы 20 жыл бойы әлеуметтік инфрақұрылым жобаларына, қазірдің өзінде Атырау мен Маңғыстау облыстарында 185-ке жуық жобаға қолдау көрсеткенін, бұдан бөлек Исатай ауданы, Зинеден ауылынан 100 орындық балабақша, Қызылүй елді мекенінен 80 орындық мектеп құрылысына демеушілік жасағанын айтып, мердігер «БатысАльянсСтрой» ЖШС-не  құрылысты сапалы жүргізгені үшін алғысын білдірді.

IMG_5723

«Пәтерлердің бөлмелері кең, жарық, заманға сай салынған. Ауыз су, жылу, жарық бәрі келіп тұр. Аудан басшылығына, осы үйдің құрылысын жүргізген мердігер компанияға, баршасына алғысымыз шексіз»,-деп жаңа пәтердің кілтіне ие болған ІІ-топ мүгедегі Нұрболат Сүндетов ағынан жарылды.

IMG_5736

IMG_5732

 Мейрамбек СЫДЫҚОВ.

Суреттерін түсірген: Ә.ШАРАПИДЕНОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз