Исатай-Махамбет алаңы қайта пайдалануға берілді (+ ФОТО)

IMG 20190830 WA0033 Жаңалықтар

Atr.kz/30 тамыз, 2019 жыл. Атырауда Исатай-Махамбет алаңы қайта пайдалануға берілді.

Қос батырдың есімімен аталатын алаңға жаңғырту жұмыстарын Норт Каспиан Оперейтинг Компаниясының (NCOC) демеушілігімен «Батыс Альянс Строй» ЖШС құрылыс жүргізді. Қазақстан мұнайының 120-жылдық мерейтойы мен Конституция күні қарсаңында алаңның салтанатты жағдайда қайта ашылуы шарасында Атырау облысы әкімінің орынбасары Айбек Қрамбаев, Норт Каспиан Оперейтинг Компаниясының бас директоры Ричард Хоу, Атырау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешовтер сөз алып, жиналған қала тұрғындарын жаңғырған алаңның қайта түлеуімен құттықтады. Осыдан соң, олар нысанның берілу құрметіне керілген лентаны қию рәсімін өткізді.
Сан түрлі көздің жауын алатын гүлзарлармен көмкерілген алаңда алты әуенді су бұрқақтар орнатылыпты. Субұрқақ сазды әуеннің ырғағына қарай түрлі пішінге еніп, көрер көзге қуаныш сыйлап, ерекше әсерге бөлейді. Сондай-ақ, түрлі түсті прожекторлармен және аптап ыстықта қоңыр салқын леп беретін тұман әсері бар бүріккіштермен жабдықталған.
Сонымен қоса, алаңның ортаңғы жеріне мәрмәрден жасалған домбыра түріндегі архитектуралық композиция тұрғызылып, алаң аумағы түгелдей жарықдиодты жарықшамдармен және энергия үнемдеуіш шамдармен жарықтандырылған.
Шара барысында Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармониясы, Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының көркемөнерпаздары көпшілікке өздерінің сазды бағдарламаларын ұсынды. М.Өтемісов атындағы Атырау облыстық академиялық Қазақ драма театрының әртістері Исатай мен Махамбет туралы театрланған көрініс қойды.

IMG 20190829 WA0078
IMG 20190829 WA0080
IMG 20190830 WA0055
IMG 20190830 WA0056
IMG 20190830 WA0058
IMG 20190830 WA0059
IMG 20190830 WA0062
IMG 20190830 WA0035
IMG 20190830 WA0041
IMG 20190830 WA0050


Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз