Иркутск облысындағы 3,3 мың үй су астында қалды

20190701114821 Жаңалықтар

Atr.kz/1 шілде, 2019 жыл. Иркутск облысындағы 55 елді мекенде 3,3 мың үй су астында қалды.

«1 шілдедегі дерек бойынша алты аудандағы 55 елді мекенде 3 296 үйді су басқан. Онда 9 809 адам тұрады, соның 2 681-і бала. Үйлерден бөлек, әлеуметтік маңызы бар 18 нысан, 3 525 аула да су астында қалған», – деп мәлімдеді Иркутск облыстық ТЖМ баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарына қарағанда, төрт елді мекен сыртқы әлемнен оқшауланып қалған. Оларға азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да керек-жарақтар жеткізілді. Су тасқынынан автомобиль жүретін 13 көпір қирап, басты автожолдарда қозғалыс шектелді. Апат салдарын жоюға 1,4 мың адам жұмылдырылған.

Дереккөз: ТАСС агенттігі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз