Инспекторға рахмет!

a45210dc 83ae 48d0 9cb5 495e3a8255f8 Жаңалықтар

«Қатты қуандым! Үмітім алдамады! «Нұр Отан» партиясының шын мәнінде нақты істер партиясы екеніне көзім жетті» – дейді Айсәуле Сарқытова.

a45210dc-83ae-48d0-9cb5-495e3a8255f8

Айсәуле орта мектепті бітіргеннен кейін облыс орталығындағы колледждерінің біріне оқуға түскен. Отбасында жалғыз асыраушы әкесі болғандықтан, бойжеткен қыз сырттай оқуды таңдайды. Ондағы ойы – еңбек етіп, әкесіне кейінгі бауырларын өсіруге қолғабыс жасау.

Жақында ол «Нұр Отан» партиясы Мақат аудандық филиалында өткен партияның Орталық аппаратының департамент инспекторы Мәдина Қадырованың қабылдауына жазылып, көздеген мақсатын жүзеге асырды. Саяси ұйым араласуымен аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы прокуратураға қоғамдық жұмысқа қабылданды.

Мақаттық Фариза Латипова да «Көңілім құлазып жүргенде аяқ астынан қуанышқа кенелдім»- дейді. Партияның қоғамдық қабылдауына келген ол да департамент инспекторының ықпал етуімен аудандық жастар ресурстық орталығына жұмысқа орналасты. Осыған дейін шет тілі пәні мұғалімі мамандығын бітірген Фариза бір жылдай жұмыссыз жүріп қалған екен.

Эльмира ТҰҢҒАТАРОВА,

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық

филиалының баспасөз хатшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз