Индерліктер үздік атанды (ФОТО)

кумалак 10 Жаңалықтар

Атырау қалалық №1 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері және білім беру ісінің үздігі Ертелеу Көшенұлы Жұбаналиевті еске алуға арналған жарыс өтті. Ол осымен екінші рет ұйымдастырылды.

кумалак (10)

Екі күнге созылған сайысқа барлығы 200-ге тарта адамнан құралған 12 команда қатысты. Нәтижесінде, асық ату мен дойбыдан облыс орталығындағы №1, үстел теннисінен Индер, кір тасын көтеруден Атыраудағы №4, шағын футболдан Исатай ауданы мектептерінің командалары үздік атанды.

H

Ал, жалпы командалық бірінші орын екі жыл қатарынан индерліктердің қанжығасына байланды. Қалған орындарды Атыраудағы №1 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі мен мақаттықтар өзара бөлісті. Оларға арнайы диплом, медаль және демеушілердің ақшалай сыйлықтары мен ескерткіш кубок табысталды.

H

Сәрсенбай БЕГЕШЕВ

спорттық ойындардың бас хатшысы және асық атудан аға төреші

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз