Индерде – жаңа мәдениет сарайы

Бәрекелді Жаңалықтар

Жаңа ғимараттың ашылу рәсімін еліміздің көк байрағын ұстаған, ұлттық нақышта  киінген жастар мен оқушылар әсем билерімен айшықтады.

%d0%b1%d3%99%d1%80%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d0%b4%d1%96

Алғашқы болып сөз алған аудан әкімі Серік Арыстан  Елбасының сындарлы да салиқалы саясатының арқасында елімізде мәдениетке айрықша мән беріліп, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында елеулі жұмыстар атқарылып жатқанын баяндады. Ол  «Теңізшевроил» ЖШС басшылығына «Игілік» бағдарламасы бойынша ғимарат салып бергені үшін алғыс  білдірді.

Аудан халқын мерекелік қуаныштарымен Президент аппаратының атынан құттықтауға келген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық  қызметті стандарттау департаментінің директоры Тимур Сұлтанғазиев жаңа мәдениет үйінің халықтың игілігіне жұмыс жасауына, жарқын істерімен өнеріміздің өрісі кеңейе беруіне игі тілегін қосты.

Ал, индерліктердің осы қуанышын бөлісуге арнайы келген «Игілік» бағдарламасын іске асырушы «Теңізшевройл» ЖШС өкілі Крис Чапман атал-ған бағыттағы жұмыстардың уақытылы аяқталғанын, болашақта аудан мәдениетінің өркендеуіне, халықтың рухани жағынан дамуына мол мүмкін-дік ашылғандығын айтты. Ол құрылыс жұмыстарын белгілеген мерзімінен  бұрын іске асыруды қамтамасыз еткен «АтырауРемСтройМонтаж» ЖШС директоры Жәнібек Шәріповке Алғыс хат табыс етті.

Ендеше, есігін айқара ашқан мәдениет сарайы «болашақта мәнді істердің ордасына айнал-ғай»  деген көпшіліктің тілегі қабыл болсын!

Сүйеу ХАЛЫҚОВ,

Индер ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз