Индер аудандық спорт кешенінде «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігінің ұйымдастыруымен кіші аяқ добынан облыстық турнирге іріктеу басталды (ФОТО)

EbOzTHRKt2I Жаңалықтар

Индер аудандық спорт кешенінде «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің ұйымдастыруымен кіші аяқ добынан облыстық турнир басталды. Жарыс Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласындағы басым бағыттарды насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.

EbOzTHRKt2I

Алдымен сайыс жанкүйерлері мен қатысушылары спорт кешенінің фойесінде облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна» және жеті аудандық газеттің тариxынан сыр шертетін фото көрмені тамашалады. Жалпы, «Атырау-Ақпараттың» кубогы үшін өтетін бұл додада он команда бақ сынайды. Олар: аудандық спорт мектебі, өрт сөндіру бөлімі, С.Сейфуллин мектебі, жергілікті кәсіпкерлер палатасы, Ақтау, аудандық ішкі істер бөлімі, Индер жастары және Бөдене, Есбол ауылының командалары.

5u7m0YkZr74

Шараның ашылу салтанатында аудан әкімі Серік Арыстан, Индер ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сансызбай Базарбаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Айта кетейік, осы жарыстың жеңімпазы атанған команда облыстық сайысқа жолдама алмақ.

ImPjjkSHfe0

Сонымен, Индердегі алғашқы ойын аудандық өрт сөндіру бөлімі мен кәсіпкерлер арасында басталды. Жарыс жалғасуда…

jobz2IU0cEw

tDlwOcrU0To

vJlhcGskT0I

Zv9gESn9vLc

gPP2v8-fq_Q

4nFKsy-700k

5-nQSrb8nrE

Диас АЙБАРОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз