«ИМАН – ЖҮРЕК АЙНАСЫ»

Облыстық қарттар мен мүгедектердің интернат үйіне Атырау орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров келіп, үлкендермен жүздесті. «Иман - жүрек айнасы» деген тақырыппен өткен кездесуде Бас имамымыз облысқа келген сегіз ай ішінде облыстағы жеті ауданда, қаладағы барлық оқу орындарында болғаны, ондағы жастар мен студенттерге өзінің ақыл-кеңесін бергені жайлы әңгімеледі.

Қарттар да орталарына келіп отырған Батыржан Берденұлына өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, жастар арасында дәстүрлі дінді насихаттау, Айт мерекесі, пітір-садақа турасында кеңінен мағлұмат алды. Бас имам оларға ислам діні жайында жазылған бірнеше кітапты сыйға тартты.

Кездесуге Атырау облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Бағытжан Мұханбетов пен қарттар үйі директоры Қилымқас Күзембаева қатысып, қарияларды Рамазан айымен құттықтады.

Кенже ӘБІЛҒАЗИЕВ,
қарттар үйі тұрғыны.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз