«Иманғали» орталық мешітінде облыстық имамдар байқауы өтті

1c72b5b3dc7bf80ea0618ee08adcc847 M Жаңалықтар

«Иманғали орталық мешітінде «Нұрлы мінбер» облыстық имамдар байқауы өтті. Астана қаласында өтетін республикалық имамдар байқауына қатысатын бір үміткерді іріктеу мақсатында өткізілген бұл байқау 5 айналымнан тұрды.

1c72b5b3dc7bf80ea0618ee08adcc847_M

ҚМДБ-ы Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы, осы ауқымды шараның бірден-бір ұйымдастырушысы Батыржан Берденұлы бастаған қазылар алқасының құрамында «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы ҚҚ»-ның теологтары Батырбек Убаев пен Серікжан Еншібайұлы болды.

9904 (36)

«Әт-тақуа» мешітінің бас имамы Өсімхан Аманбайұлы жүргізген сайыс барысында жамағатпен сәлемдесіп, өздерін таныстырған имамдардың білімі мен біліктілігі екінші «Бәйге» бөлімінде сынға түсті.

9904 (37)

Үшінші бөлім – «Жеті жарғы» бөлімінде имамдар Ақида, Фиқһ, Ислам тарихы, Құран ілімдері, ҚР заңдары, имамның тұлғалық келбеті, ҚМДБ-ның тұғырнамасы бойынша сұрақтарға жауап берді. Ал, төртінші «Жағдаят» айналымында имамдардың күнделікті өмірде түрлі жағдайларда тығырықтан шыға білу шеберлігі, кісілік келбеті сыналды. Қатысушы имамдар айналым сайын ұпай санына байланысты ойыннан шығып отырғандықтан, соңғы бөлім – «Имам мінберінде» қалған екі имам «Ата-ананы құрметтеу», «Зина – арсыздық» тақырыптарында уағыз айтып, сөз саптау, шешендік, діни ілімі мен арабша сауаттылығы бойынша бақ сынасты.

9904 (14)

Сайыс қорытындысы негізінде Атырау селолық мешітінің наиб имамы Жолдасов Бақытжан 3-орынға ие болса, «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Ардақ Жұмабекұлы 2-орынды қанжығасына байлады. Дүбірлі додада жан-жақтылығы және біліктілігімен көзге түскен Құлсары қаласы Жылыой орталық мұсылмандар мешітінің наиб имамы Сүлейменов Дастан жүлделі 1-орынмен марапатталды. Сондай-ақ, Дастан Сүлейменовке республикалық имамдар сайысына қатысу мүмкіндігін беретін жолдама табысталды.

9904 (30)

Жеңімпаздарға арнайы сертификаттар мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз