Илья Англияға аттанады

  Бұл туралы танымал ауыр атлеттің бапкері КТК телеарнасына мәлім еткен.

  И.Ильиннің бапкері, спортшының қазір жаттығуды тастап білім алуға өзі құлшынып отырғанын жеткізген. Белгілісі, ол бұрыннан бері спорт саласының психологиясы мен менеджментін игеруді қалайды екен. Алайда қазақстандық спортшы қай университетті оқитынын Ержас Болтаев ашып айтпады. Спорт саласындағы 20 жылында оның оқуға ден қоюына мүмкіндік болмаған. Қазір Илья оқуды жалғастырып, жаттығуды да сонымен қатар алып жүруді көздеп отыр.

Абай АҚМҰРЗИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз