Хабар тарату желісінде – жаңа телеарна

original20981103 Жаңалықтар

Discovery Showcase HD хабар таратуын бастады

original20981103

Үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап қазақстандықтарға алғаш рет мемлекеттік тілде шетелдік телеарна контенті ұсыныла бастады. Телеарнаның даму болашағы қандай? OTAU TV абоненттерін осы жылы нендей жаңашылдықтар күтіп тұр? Осы және басқа да сауалдарға «Қазтелерадио» АҚ Атырау облысы филиалының директоры Дархан Хұсынов жауап береді.

Дархан Шапхатұлы, көктем келісімен көрермендер қызықты контентпен жаңа телеарнаны ана тілінде көру мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр. OTAU TV жерсеріктік телевизиясы желісінде жаңа Discovery Showcase HD телеарнасын іске қосудың қандай тарихы, себептері мен мақсаттары бар?

– Себептері бірнеше және ең бастысы – біздің қазақстандық көрермендерге мүмкіндігі және сапасы жоғары, бірегей қызықты контентті ұсыну.

Оператор нарыққа жаңадан шыққан уақытта қазақстандықтардың елеулі бөлігі аналогтық сападағы үш-төрт телеарнаға қол жеткізсе, ал, көпшілігіне тіпті олар да қолжетімді болмады. Сондықтан, цифрлық жерсеріктік телевизия – республика халқының арасында жоғары сұранысқа ие қызмет. Одан әрі нарық дамуы өз түзетулерін енгізді, телехабар таратудың жаңа стандарттары пайда болуына байланысты HDTV-ны дамыту және шетелдік өндірістегі арналарды енгізу қажет болды.

Бірақ, басты мақсат өзгерген емес – ол  ауыл  және қала халқының арасындағы ақпараттық теңсіздікті қысқартып, еліміздің барлық азаматтарын цифрлық телевизиямен қамтамасыз ету еді.

Ал, телеарнаның ұстанымы қандай? Ерекшелігі неде?

– Discovery телеарналар топтамасы бұрыннан көрермендер арасында танымал. Олардың табысқа қол жеткізуінің кепілі жоғары сапалы контент, кең танымал бағдарламалар мен ең қызықты киноленталар болды. Жаңа телеарна бүгінгі таңда OTAU TV жерсеріктік хабар тарату желісі топтамасында бар телеарналарды біріктіреді: Discovery Channel, Animal Planet, TLC, Discovery Science «және» ID Xtra, бұл ретте үздік танымдық-ойын-сауық контенті HD сапада қолжетімді. Арна көрермендерге эксклюзивті материалдарды көруге жол ашады және оны тек Discovery Showcase HD телеарнасынан ғана көруге болады.

– Discovery Showcase HD телеарнасының көрермендері кім? Қандай аудитория үшін әзірленді?

– Аталмыш арна кез келген жастағы көрерменге арналған, бірақ, 1,2 млн. үй шаруашылығы, яғни, 70% OTAU TV абоненттері, ауылдық жерлерде шоғырланған және халықтың басым бөлігі қазақ тілінде сөйлейтінін атап өткен жөн. Ал, қазір барлық қызықты контент: ғылыми-танымал және деректі фильмдер, табиғат пен қоршаған орта туралы, тұлғаның жетістіктері мен түрлі құрылымдары ана тілімізде қолжетімді. Бұл біздің бүкіл ел үшін өте үлкен жетістік деп есептеуге болады.

Қандай бағдарламалар қазақ тілінде қолжетімді, және қандай мерзімде?

– Қазіргі кезеңде, көрермендерге сағат 18.00-ден 24.00 дейін бағдарламалар қазақ тілінде ұсынылған, олардың саны бірте-бірте ұлғайып, 2018 жылдың қаңтарынан бастап барлық контент толығымен қазақ тілінде болады. Миллиондаған көрерменнің сүйіктісіне айналған: «Морган Фрименмен жаһан құпияларын тану», «Таңғаларық мұхит», «Аляска: ормандағы отбасы», «Кит аулауға қарсы соғыс» сынды бағдарламаларын бүгінде қазақ тілінде көруге болады.

  – OTAU TV жерсеріктік хабар тарату желісінде HD сапада қолжетімді басқа да арналар бар ма?

–  Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап OTAU TV желісінде ғылыми-танымдық фильмдер, негізгі мазмұны ғылым, табиғат, тарих және мәдениетке қатысты, танымалдығы кем емес «National Geographic HD» телеарнасы HD сапада іске қосылды.

– Ал, егер мен осы бағдарламаларды басқа тілде көргім келсе, ол мүмкін бе?

– Әрине, жаңа арна бағдарламаларын тек қана қазақ тілінде ғана емес, сондай-ақ ағылшын және орыс тілдерінде де көруге болады. Ол үшін пульттің көмегімен параметрлерінен тілді өзгерту қажет.

– Жаңа телеарна кандай топтамада қолжетімді?

– Discovery Showcase HD телеарнасы «Толық» ақылы арналар топтамасында тек ұлттық OTAU TV жерсеріктік телевизиясы абоненттері үшін ғана қолжетімді болып табылады.

– OTAU TV жабдығын орнату үшін не істеу керек?

– Біздің өңірде OTAU TV қызметтеріне қосылу үшін дилерлер желісі бар.

Болашақ абонент Атырау қаласындағы Сату орталығы бөліміне мекен-жайы Атырау қаласы, Абай даңғылы, (7122) 558444, факс: (7122) 276248 телефоны бойынша тапсырыс қалдыруы қажет. Сондай-ақ, тапсырысты www.otautv.kz веб-порталында онлайн-қалдыруға болады. Қалдырылған тапсырыс әрі қарай дилерге жіберіледі, жұмыстың жүзеге асырылуын біз қадағалап отырамыз. Сізге ыңғайлы уақытта дилер келіп орнату жұмыстарын жүргізеді.

– Орнатылатын жабдық қандай жинақтардан тұрады?

– Жиынтықтар тізіміне жерсеріктік қабылдау антеннасы, конвертор, цифрлық қабылдағыш (ресивер) пен кәбіл кіреді.

– Ақылы топтамада қанша арна бар, бағасы қанша? Ақылы топтаманың бағасы көтерілді ме және қазақ тілінде жоғары HD сапада сүйікті шоуларды тамашалау үшін абонент қанша төлеуі қажет?

– Ақылы топтамасын пайдаланушылар «Толық» топтамасына жаңа телеарналардың қосылуын есептегенде бүгінде қазақстандық және рейтингі жоғары шетелдік 122  теле-радио арналар: фильмдік, ақпарат және жаңалықтар, ойын-сауық, тарихи, географиялық, балаларға арналған арналар цифрлық сапада қолжетімді. Ақылы топтаманың құны 2500 теңгені құрайды. HD сападағы телеарналар үшін бөлек төлем алынбайды, яғни ақылы топтаманың құны қымбаттаған жоқ.

– Ақылы топтаманы қосуға акциялар немесе жеңілдіктер болады ма?

– «Қазтелерадио» АҚ үнемі «OTAU TV»-дан акцияларын өткізіп отырады. Тұрмыстық техникалық «Технодом» дүкендер желісінен OTAU TV жерсеріктік жабдықтарының толық жиынтығын сатып алсаңыз сіз үш ай мерзімге «Толық» арналар топтамасын тегін тамашалай аласыз.

– Қызықты сұхбатыңызға рахмет және жұмысыңызға табыс тілейміз!

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз