Германияның құрметті консулы Атырауда өлі күйінде табылды

1 41 Жаңалықтар

Батыс Қазақстандағы Германияның құрметті консулы Питер Кригер Атырауда өлі күйінде табылды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1

«54 жастағы Питер Кригердің денесі өзі жалдап жатқан пәтерден табылды. Қазіргі уақытта бірқатар сараптама жұмыстары тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес, оның өлімінің себебі анықталатын болады»,-деп мәлімдеді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Полицияның ақпаратына сәйкес, алдын ала тексеру бойынша көз жұмған консулдың денесінен зорлық белгілері анықталмаған.

Питер Кригер соңғы уақытта Атырауда жұмыс істеп, осында тұрған.

Айқара Ғұмар

Фото dailynews.kz сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз