Геннадий Головкин жарақат алып қалды

ni8qpjfh Жаңалықтар

Atr.kz/19 ақпан, 2020 жыл. ESPN.com мәліметінше, орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин оң жақ жіліншігін жарақаттап алып, рингке оралу мерзімін кейінге қалдырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған байланысты GGG командасы IBF-ке титулды міндетті қорғауға уақыт беруін сұраған.

Еске салайық, Геннадийдің келесі қарсыласы Польша азаматы Камил Шеремета болуы тиіс. Алғашқыда айқас 29 ақпанға жоспарланды, кейін ол 28 наурыз бен 11 сәуірге ауыстырылды.

DAZN стримингтік сервисінің өкілі Головкин — Шеремета айқасы үшін басқа күн қарастырылып жатқанын растады. Промоутер Том Леффлер пікір білдіруден бас тартқан.

http://atr.kz/bez-rubriki/to%D2%9Baev-auylda%D2%93y-mektepter-men-medpunktterge-toly%D2%9Btaj-internet-zhetkizudi-tapsyrdy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз