Геннадий Головкин Деревянченкомен жекпе-жекке дайындықты аяқтады

190930085818272a3570475i Жаңалықтар

Atr.kz/30 қыркүйек, 2019 жыл.  Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жекке сақадай сай, деп хабарлайды Sports.kz.

Әлеуметтік желіде Геннадий дайындық залында түсірілген видео жариялап, оған «Жұмыс аяқталды. Жекпе-жек аптасына дайынмын» деп жазды. Еске сала кетейік, Головкин — Деревянченко кездесуі 5 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Былғары қолғап шеберлері орта салмақтағы IBF және IBO әлем чемпионы белдігін сарапқа салады. Қазақстанда «Qazsport» телеарнасынан тікелей көрсетілім жүргізіледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз