«Гүлдер» – ең үздік мектепке дейінгі ұйым

Amandyik Abdulov 62 Білім

Атырау қаласындағы №6 «Гүлдер» бөбекжай-балабақшасының құрылғанына ­– 40 жыл. Атаулы датаға орай Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында салтанатты кеш өтті.

Амандык Абдулов (62)

Мың бұралған бишілердің  «Шашу»  биімен ашылған  кеш барысында мектепке дейінгі білім ордасының бүгінге дейінгі жеткен жетістіктері туралы айтылды. Балабақшаның алған асуы – республикалық  «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым» байқауында бас жүлдені иеленуі. Сонымен қатар, педагог-тәрбиешілер мен тәрбиеленушілері облыс, қала, балабақшаішілік  байқаулар мен олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып жүр.

Салтанатты басқосуда Атырау қалалық білім бөлімінің бас маманы А.Есмағамбетова барша жиналғандарды айтулы күнмен құттықтап, сала қызметкерлерін марапаттады. «Өрлеу» БА ҰО АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Маржан Ғалымжанова, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің мектепке дейінгі бөлімінің басшысы Әсем Қабделова да сөз сөйлеп, білім ұйымының алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Кішкентай бүлдіршіндер де жүрекжарды  құттықтауларын білдіріп, өз өнерлерін ортаға салды. Бейнелеу өнерінің  маманы Гүлмайра Дүйсенова балабақшаға арнаған әсем әнін тарту етті.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Сурет Аман ШАМАРДІКІ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз