Футбол: «Атырау» командасының бас бапкері қызметінен кетті

20190427201412 Жаңалықтар

Аtr.kz/28 сәуір, 2019 жыл. «Атырау» командасының бас бапкері, ресейлік маман Виктор Кумыков қызметінен кетті.

«Атырау» футбол клубынан түскен мәліметке қарағанда, бас бапкерлік міндетін уақытша Қуаныш Қабдолов атқарады. Клуб басшылығы Виктор Балютовичке атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, оның орнына жаңа бапкер іздестіріліп жатқанын жеткізді. Осылайша В.Кумыков биылғы маусымда премьер-лига командалары арасында бірінші болып орнын босатып отыр.

Кеше Талдықорғанда «Жетісу» командасымен 0:0 есебімен тең ойнаған атыраулықтар 5 ұпаймен турнир кестесінде небәрі оныншы орында келеді. Соңғы сегіз ойында команда алты рет жеңіліске ұшырап, екі мәрте ғана тең түсті. Бұл, әрине, көңіл көншітерліктей нәтиже емес. Еске сала кетейік, бұдан бұрын бірінші лигада өнер көрсететін «Ақжайықтың» бас бапкері қызметінен кеткен болатын. Оралдықтар ертең Петропавлда өзі сияқты өткен жылы премьер-лигадан түсіп қалған «Қызылжар» командасымен маңызды кездесулерінің бірін өткізеді.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз