Фидель кастроның қойнындағы шұбар жылан

ФИДЕЛЬ КАСТРОНЫҢ ҚОЙНЫНДАҒЫ ШҰБАР ЖЫЛАН Жаңалықтар

(Соңы. Басы өткен санда). – http://atr.kz/?p=15760

%d1%84%d0%b8%d0%b4%d0%b5%d0%bb%d1%8c-%d0%ba%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%80%d0%be%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d2%9b%d0%be%d0%b9%d0%bd%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d2%93%d1%8b-%d1%88%d2%b1%d0%b1%d0%b0%d1%80-%d0%b6%d1%8b

«Біз бір-бірімізге жан-тәнімізбен берілдік, мен өзімді-өзім ұмыттым! Мен оның өзіме «осында қала бер деп» өтініш жасауын ғана тіледім. Алайда, ол жылдам киініп, бөлмеден шыға жөнелді. Мен есеңгіреп қалдым, сосын бар күшімді жинақтап, оған «қайтып орал» деп сәлемхат жазып жібердім». Бір таңқаларлығы Майамидің астыртын әрекет етушілері Маритаға берілген тапсырманы орындамағаны үшін еш кінәрат таққан жоқ. Қайта, қайтып келгесін ол бірден Майами маңындағы Кубаға басып кіруге дайындалып жатқан, кейін толық талқандалған әскери құрама қатарына барып қосылды. Марита жан жарасын одан әрі ушықтырмайды: өзін үздік мерген ретінде көрсетіп, бос уақытын жергілікті мафияның «көкелерімен» өткізді, бірақ, негізгі мақсаты көкейінен кетпейді, ол – Кастроны өлтіру. Бірақ, Кастроға жасалған қастандықтың бәрі де нәтижесіз аяқталып отырды. Марита болса бұрынғысынша шытырман оқиғаға және сонымен бірге, бейғамдыққа да бейіл жан еді. Ол Венесуэлланың экс-диктаторы, Майамиде елінен қуғын көрген адам ретінде тұрып жатқан Маркос Перес Хименестің көңілдесіне айналып, одан Моника атты қыз туып алды.

Әйтсе де, ол жаңа Эвита Перон атанудың орнына, Амазонканың қалың  ормандарының арасында жападан жалғыз қалғандай болады, өйткені, бұл кезде оның сүйеуші-сүюшісін еліне әкетіп, түрмеге жапқан болатын. Америка арнаулы қызметінің қол ұшын беруінің арқасында Марита Құрама Штаттарға қайтып оралып, онда қылмыскерлер ортасының адамы, кубалық эмигрантпен аз уақыт некеде тұрып, одан бір ұл туады. Бірақ, өмірінің ең ауыр сәттерінде де өкімет басында болған немесе қызметінен түскен мейірімсіз билеушілердің алыптығынан басы айналған бұл әйел барлық уақытта Фидель Кастроға, өзіне бейнебір ертегі кейіпкерлеріндей болып көрінетін ұлына қол жеткізуге асығатын. 1988 жылы ол Гаванаға ең соңғы рет қайтып оралып, өзінің әлі де бойында күш-қайраты лапылдап тұрған бұрынғы сүйіктісімен кездеседі. «Қош келдіңіз, менің ардақты баскесерім!» деп қарсы алады оны Фидель. «Сенің тірі жүргенің тек менің арқамда», – дейді Марита қызынып. «Келісемін. Біз әлі ештеңені де жоғалтқан жоқпыз ғой, рас емес пе? Мұны пайдалану керек. Уақыт болса өтіп жатыр, ал диктатор дегенің қазір тым сирек кездеседі». «Мен оны тыңдап тұрып, оған ешбір қарсылық көрсете алмайтынымды ұқтым», – дейді Марита Лоренц өз естелігінде. «Фидель, мен сені сүйемін» деп сыбырладым оған, содан соң: «Менің ұлым! Ұлым қайда менің!» – дедім. Осы кезде есік айқара ашылып, ол ішке енді. Менің Андрем. Мені оның кескін-келбетінің тым ақшылдығы мен Фидельдің мұрнынан аумай қалған мұрны, толқынды бұйра шашы таң қалдырды. Келбетті жігіт!».

Жан-дүниесін ойран-топан еткен осы бір соңғы көріністерден соң Марита Фидельмен кездеспейді, өзінің Нью-Йорктегі шағын пәтерінде отырып, баласының жұмыстағы жетістіктеріне алыстан ғана сүйсінумен қанағаттанады. Бойы байсал тартып, мінезі орныққан Марита бұдан былай ізгілікті істермен айналысады, шағын қаражатпен өмір сүріп, естеліктер жазуды қолға алады, бірақ, қашан да болса Маркос Перес Хименестің долларларын қайтарып алудан үмітін үзбейді. Өзінің қиялына өзі шатысқан, айтқандары қарама-қайшылықтарға толы бұл адамның естеліктерін оқырмандарға түсіндіріп беру редакторлар үшін де оңайға түспейді. Режиссер Оливер Стоун Марита Лоренцтің бұл кітабын экранға шығару үшін сатып алды. Қайғысыз кәрілік қамтамасыз етілді. «Менің анам, – деп жазады қызы Моника,– өзін алдында ғажайып тағдыр күтіп тұрғанына еш күмәнсіз сенген адам». Марита Лоренц 54 жасында да күн әлі де Гавана жақтан көтерілуі мүмкін деп ойлап, көлеңкеден шығып, бой көрсетті.

Орыс  тілінен  аударған:

Қойшығұл  ЖЫЛҚЫШИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз