Ескек есе білетіндер жеңімпаз атанды (ФОТО)

IMG 1903 Жаңалықтар

Атырау қаласында Конституция күніне орай байдарка және каноэда ескек есуден қалалық турнир ұйымдастырылды.

IMG_1903

Қайықпен ескек есу – ең әдемі әрі ең ауыр спорттың түрі. Кеңес кезінде Атырау облысында аталмыш спорт дамып, бірнеше дүркін чемпиондардың есімдері көршілес мемлекеттерге жеткен. Бертініректе саябырсып қалған спорт қайтадан қарқын алып жанданып келеді. Жастардың ескек есу спортына қызығушылығы басым. Аталмыш турнирге Атырау қаласынан қырықтан астам қатысушы қатысты.

IMG_1902

Жарыс қорытындысында 2000 жылғы және одан жоғары жас аралығындағы жас спортшылардың 1000 метр шақырымдағы жарысында жүлделі І орынды Бакиров Андрей, ІІ орынды Щелоков Эдуард, ІІІ орынды Вашурин Сергей иеленді.

500 шақырымда І орында Щелоков Эдуард, ІІ орында Бакиров Андрей, ІІІ орында Вашурин Сергей келді.

IMG_1904

Ал 2003 жылғы және одан да төмен жылғы жасөспірімдердің 1000 шақырымдық қашықтығында І орын Бакиров Никита, ІІ орын Сұлтаxанов Тимур, ІІІ орын Ларчеко Сашаға бұйырды.

2003-2004 жылғылар арасында 1000 мен 500 метр шақырымда Чиров Николай, Чукалин Сергей, Андрейчик Богдан жарыс мәресіне алдыңғы болып келді.

IMG_1906

Ал қыздар арасында бұл қос шақырымда да Баялы Сәбила чемпион атанса, одан кейінгі жүлде Рябцева Анжеллаға және Измайлова Розалияға берілді.

Сондай-ақ, турнир аясында 200 шақырымдағы жарыстан жұп болып шыққан ескек есушілердің арасында эстафета табыстау жарысы ұйымдастырылды. Облыстың байдарка және каноэда ескек есуден бас жаттықтырушысы Николай Богачкиннің айтуынша, күздің орта кезінде аудандардан да аталмыш спортқа икемі мен қызығушылығы бар мектеп оқушыларын іріктеу жоспарланған.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз