Ерте төлдеткеннің есебі түгел

ерте төлдеткеннің Жаңалықтар

Махамбет ауданына қарасты Әміржан Қапанов жетекшілігіндегі шаруа қожалығының құрылып, атакәсіпті жандандыруға кіріскеніне көп бола қойған жоқ. Қой шаруашылығын дамыту мақсатында «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» арқылы 2014 жылы мемлекеттен жылдық өсімі 6 пайызды құрайтын үш миллион теңге несие алған болатын.

816811

Бейбарыс ауылының Бақсай ауылдық округі аумағында қоныс тепкен «Ә.Қапанов» шаруа қожалығында қазір екі жүзден астам еділбай қойы бағылады. Қысқа төзімді, өсімтал, әрі етті мақсатта өсірілетін қойдың бұл тұқымын асылдандыруға бағыт ұсталынған. Қажетті жемшөбі жеткілікті, қора-жайы сайлы малшы ауылы өткен күзде тәжірибе ретінде күйек кезінде отыз шақты қойды қаңтарда туатындай есеппен ұрықтандыру үшін қошқарды ерте қосқан еді.

Енді міне, жыл басынан бері отарда алғашқы төл де көріне бастады.  «Қызыл қырман» басталғалы қойлы ауылдағылардың бар мақсаты – алынған төлдерді қыс қаһарына ұрындырмай, аман сақтап, мамыр айында бағлан күйінде етке тапсыруға негіз қалау. Сөйтіп, мемлекеттен алынған несиенің біраз бөлігін еңсеру екендігін айтады қожалық жетекшісі Әміржан Қапанов.

Махамбет ауданы.

Бақытжан Хамитұлы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз