Ерлан Тұрғымбаев «Bek Air» ұшағы қалайша өрттен аман қалғанын айтты

191230103930230e Жаңалықтар

Atr.kz/30 желтоқсан, 2019 жыл.  ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы түбінде апатқа ұшыраған «Bek Air» ұшағының неліктен өртенбегенін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Бақытымызға орай, жанармай багы тесілген сол жақ қанаты өртенген жоқ. Отынның жартысы ұшақ астына төгілген. Күн райына, қарға және суық ауа райына байланысты өрт шыққан жоқ. Бұл қаза тапқандар санының аз болуына мүмкіндік жасады», – деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз