Еріктінің бір күні қалай өтеді?

rnkenknk Жаңалықтар

Аtr.kz/26 сәуір, 2020 жыл. Қазіргі таңда об­лыс бойынша қызмет етуге кіріскен 68 ерікті көрінбейтін жаумен күресте алдыңғы шепте жүр. Олардың өздеріне жүктелген міндеттері мен антына адалдық танытуы – сүйінішті жағдай. Бүгін сол әскери міндеттілердің негізгі жұмысымен танысудың сәті түсті.

 Әскери міндеттілерге Атырау облысының аумақтық қорғаныс б р и г а д а с ы н ы ң к о м а н д и р і , подполковник Ахан Әлиев басшылық етеді.

«Барлық шақырылғандардың басты міндеті – коронавирустың таралуына қарсы күресте көмек көрсету. Алайда, әр бөлімше бұл күресті жеке бағытта жүргізетін болады. Стационарлық- медициналық бөлімге дәрігерлер мен фельдшерлер жіберілді, олардың барлығы пирометрлермен (байла­ныссыз термометр) жабдықталған және практикалық көмек көрсету үшін төрт блокпостқа кезекшілікке тағайындалған. Полиция өкілдерімен бірге олар кіріп-шыққан әр көлікті те к с е р і п , жо л а ушыл а р мен жүргізушілердің жеке деректерін толтырады, сонымен қоса дене қызуын өлшейді» деп түсіндірді бізге А.Әлиев.

Шақырылған дәрі герлердің қатарында көп жылдық тәжірибесі бар Махамбет ауылының тіс дәрігері Ержан Тұрсынбаев та бар. Ол күн сайын әріптестеріне көмектесу үшін стоматологиялық ауруханаға барып, дәрігер қабылдауына келгендердің дене қызуын өлшейді және денсаулығына байланысты шағым негізінде тіркеуге талон береді.

«Төтенше жағдай кезінде арнайы дайындықтан өтуге шақырылған дәрігерлердің медициналық процедураларға жіберілмейтіні белгілі болды, бірақ, бұл мені еш алаңдатпады. Мен өзімнің жерлестеріме және әріптестеріме қандай да бі р жолмен көмектесе алатыныма өте қуаныштымын», – дейді Ержан.

Ал, қорғаныс взводының да атқаратын міндеті аз емес. Күн сайын қаланы дезинфекциялау сол взводтың мойнындағы жұмыс. Таңертеңнен бастап олар қорғаныс киімдерін киіп, бүріккіш және ыстық тұман генераторларымен қаруланып, тұрғын үйлердің, аулалар мен балалар алаңын залалсыздандыруға шығады. Сонымен қатар, үлкен ашық алаңдарды залалсыздандыру жұмысында әскерилер «ГАЗ-52-04» автокөлігінің шассиінде «Комаров дезинфекциялау құрылғысын» пайдаланады.

– «Біз аулаларды залалсыздандыруға кірген кезде тұрғындардың бізге деген сенімін байқаймыз. Олар өз үйлерін сапалы дезинфекциялауды сұрайды. Біз әр үйде өз жұмысымызды сапалы орындауға тырысамыз. Біздің жерлестеріміздің жылы сөзі бізді ынталандырып, жігер береді, – дейді бізбен әңгімесінде дезинфекцияда жүрген сарбаз Ержан Ділманов.

Кеш басталысымен атқыштар взводы өз міндеттерін орындауға кіріседі. Күн сайын 18.30-да олар қалаға кезекшілікке шығар алдында практикалық нұсқау алу үшін Атырау қаласының полиция бөліміне барады. Ол жерде олар жұпқа бөлініп, бір полиция қызметкеріне тапсырылады. Кезекшілік уақыты күнде сағат 19.00-ден 03.00-ге дейін белгіленген. Жауапты взвод сержанты Бауыржан Чунгулов оларды қызмет орындары бойынша іріктеп-бөледі, кейін қосымша кезекшілік кезіндегі әрекеттердің алгоритмін түсіндіреді. Бауыржанның өзі де бұрынғы келісім- шарт бойынша әскери қызметші екен. Ол Ұлттық ұлан қатарында да, Қорғаныс министрлігінің бөлімдерінде де қызмет еткен, сондықтан нұсқаулық пен қатаң тәртіп туралы көп біледі.

«Қазіргі уақытта мен өзім үшін жұмыс істеймін. «Барлау» мамандандырылған оқу орталығын аштым. Онда мен әртүрлі мекемелердің күзетшілері мен оққағарлар үшін жаттығулар, сабақтар, курстар өткіземін. Со­нымен қатар, мектеп оқушыларын әскери дайындыққа ақысыз негізде дайындаймын. Елбасының Жарлығы туралы естігенде мен бірден ниет білдіріп, қатысуға өтініш білдірдім. Сондықтан әскер қатарына қайтадан тұрып, еліме пайдамды тигізгеніме өте қуаныштымын» – деп Бауыржан өз ойымен бөлісті.

Қаланы қырағылықпен күзететін әскери қызметшілер өзін-өзі оқшаулаудың барлық тұрғындар үшін өте маңызды екенін атап өтіп, көшеге шығуды азайтуды, жұмыстан уақытылы шығуды және аула маңайында, әсіресе 21.00-ден кейін шықпауларын ескертеді.

Арнайы жиынның ұзақтығы ағымдағы жылдың 10 мамырына дейін жоспарланған, бірақ, облыс әкімінің шешімімен 3 айға дейін ұзартылуы мүмкін. Бұл әскери қызметшілерді ештеңе алаңдатпайды, өйткені олар мұнда өз еріктерімен келді және кез келген тапсырманы орындауға дайын.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз