Енесімен жанжалдасып, денсаулығына зиян келтірген

ФОТО ЕНЕ Жаңалықтар

Атырау облысының Қызылқоға ауданында енесімен жанжалдасып, оның денсаулығына зиян келтірген жігіт қамауға алынды. Әкімшілік іс Қызылқоға аудандық сотында қаралған.

ФОТО - ЕНЕ

Анықталғандай, құқық бұзушы жігіт енесінің үйіне масаң күйде барып, жанжал шығарған.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, жұбайымен татуласып, енесінің үйінде тұратын балаларын көргісі келгенін айтып, одан кешірім өтінді.

Алайда, сотта жәбірленуші күйеу баласының кешірімін қабылдамай, қатаң жаза тағайындауды сұрады.

Нәтижесінде, айыпталушы жігіт әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі саналып, оған 3 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Айдос Қарабала

Фото smolgazeta.ru сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз