Енді қазақстандықтар ай сайын 600 мыңнан аса қажетті дәрі-дәрмекпен қамтылады

Ел жаңалықтары Жаңалықтар Медицина

Atr.kz / 14 шілде, 2020 жыл. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2020 жылғы 10 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын іске асыру шаралары қаралды. Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты елдегі жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады. 

Министр хабарлағандай, Қазақстанда 61 755 науқас тіркелген, оның ішінде 25 448 адам ем алуда,  35 911 емделіп шықты, көз жұмғандар саны – 396. COVID-19-бен сырқаттануға байланысты жағдай тәулігіне 1700-1800 адам деңгейінде тұрақталды.  

Жағдайды тұрақтандыру үшін өңірлерде жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігінің 17 көрсеткіші бойынша күн сайын мониторинг жүргізіледі. Қосымша таңы 4 индикаторды қосу туралы шешім қабылданды, оның 2 БАҚ-пен жұмыс арқылы әлеуметтік ширығуды жою және тұрғындардың теріс көзқарасы бар әкімдіктермен жұмыс істеуді, сондай-ақ тұрғындардың шағымдарын уақытылы қарастыруды қамтиды. Басқа 2 индикатор дәрі-дәрмектердің болуына мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар мен медицина ұйымдарының өтінімдеріне Бірыңғай дистрибьютордың жұмысын көрсететін болады.  

«Рейтингке сәйкес, 1-позицияны 2 облыс – Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары алып отыр, бұл өңірлерде 17 индикатордан 9 нысаналы индикаторға қол жеткізілген. Рейтингте екінші орынды 5 облыс және Шымкент қаласы алады – 8 индикаторға қол жеткізілді, 3-орында – 3 облыс және Алматы қаласы – 7 индкатор бойынша көрсеткіштерге қол жеткізілген. Рейтингте соңғы орынды Атырау облысы алып отыр, мұнда 17 индикатордың 5-і орындалған», — деді А. Цой.

Қазіргі кезде Қазақстанда 60 мыңға жуық коронавирус инфекциясымен ауырғандар тіркелген, оның ішінде 1700-ден астамы – балалар. Карантин кезеңінде инфекцияны таратуда балалардың рөлі төмендеді, себебі, ұйымдастырылған ұжымдар таратылды.  

Министрдің айтуынша, мектептерде күндіз оқыту балалардың арасында аурудың өршуіне және мектептен тыс жерлерде инфекцияның таралуына, сондай-ақ балалардың қоғамда инфекцияны таратуға тартылуына әкелуі мүмкін. Инфекцияның таралуына ұйымдастырылған ұжымдар аса бейім, практика көрсетіп отырғандай, жыл сайын ЖРВИ және тұмаумен ауырғандардың жалпы санынан 14 жасқа дейінгі балалардың саны 70% дейін құрайды.     

«Білім мекемелерінің оқушыларының арасында жіті респираторлық инфекциямен ауырудың маусымдық өсуін және коронавирус инфекциясынан эпидемиологиялық қолайсыз жағдайды ескере отырып, шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, оқу жылының бірінші тоқсанында орта білім беоу ұйымдарының барлық сыныптарын қашықтан оқытуды қарастырған жөн деп санаймыз», — деді А. Цой. 

COVID–19-бен күресу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігіні бағалауды көрсететін жаңа көрсеткіш бойынша жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде тұрғындардың хабардарлығы деңгейін арттыруы тиіс іс-шаралар іске асырылуы керек.  

«Бүгінде COVID-19-бен күресу жұмыстарына 46 мыңнан аса маман тартылған. Өңірлерде эпидемиологтар, инфекционистер, анестезиолог-реаниматологтар, пульмонологтардың жетіспеушілігі байқалады. Министрлік КВИ-мен күресу аясында аса сұранысқа ие түлектерді: анестезиологтарды – 88 маманды, инфекционистерді – 26 маманды, пульмонологтарды – 7 маманды бөлді», — деді А. Цой.

Сонымен қатар, кадрлар тапшылығы мәселесін шешу үшін ҚР медициналық ЖОО-лары 2084 маман мен волонтерді тартты, олар эпимедиологиялық шараларға жұмылдырылды. Сондай-ақ бұл жұмыстарға студенттер тартылды. Коронавируспен күресу бойынша іс-шараларға тікелей атсалысып жүрген медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төленеді.   

«Мемлекет басшысының Атырау облысында жағдайды тұрақтандыру және кадрлық әлеуетін нығайтуға қатысты тапсырмасына орындау үшін 13 шілде күн келесі шаралар қабылданды: көліктегі бас санитарлық дәрігердің жетекшілігімен Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің 5 маманы, Ресейден 6 маман жіберілді, Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің клиникалық кафедраларының 10 ғалымы және 9 резидент-клиницисті, 78 интерн дәрігер осы аптаның ішінде жіберіледі. Қабылданған шаралара Атырау облысында денсаулық саласын 108 жоғары білікті маманмен нығайтуға мүмкіндік береді. Маңғыстау облысына 56 маман жіберіледі. Батыс Қазақстан, Алматы, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы үшін мамандар тобы жасақталды», — деді денсаулық сақтау министрі. 

А. Цой сонымен қатар персоналды емдеу және қорғауға жұмсалатын шығындар мен ауруханаға жатқызу жағдайларының ауырлауына байланысты провизорлық және инфекциялық стационарларда медициналық қызметтерге тарифтердің 2 есе өскенін атап айтты. Бұл тарифтер 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап ауруханаға жатқызылған барлық жағдайда қолданылады.  

Бөлшек сауда дәріханаларын дәрі-дәрмектермен молықтыру үшін Ресей Федерациясынан 2 әуе рейсі және Үндістаннан бір рейс ұйымдастырылды. Отандық өндірісті ескерумен, бүгінде жалпы сомасы 2 млрд теңгеден астам сомаға 3,5 млн орама дәрі-дәрмек жеткізілді. Өңірлерде дене қызуын түсіретін, антибактериялық дәрі-дәрмектердің бір айлық қоры жасалды. Биыл 15-17 шілде аралығында Үндістаннан қосымша екі рейсті және Ресей Федерациясынан бір рейсті ұйымдастыру жоспарланған.   

«Дәрі-дәрмектер қоры апта сайынғы жеткізулерді ұйымдастыру есебінен толықтырылып отырады. Отандық өндірушілер өндіріс қуаттарын арттырып жатыр. Биыл шілде айынан бастап ай сайынғы қамту сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің 600 мыңнан аса орамасын қамтитын болады. Дәрілерді тасымалдауды жеңілдету және нарыққа шығару үшін рұқсат құжаттарын беру рәсімдері бір тәулікке дейін жеңілдетілді», — деді ведомство басшысы. 

Бүгінгі таңда инфекциялық және провизорлық стационарларда 966 ӨЖЖ стационарлық аппараты бар, реанимациялық төсек-орындар саны – 1 553. Дегенмен, тұрғындардың COVID-19-бен сырқаттануының артуы жөніндегі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының болжамын ескерумен, жалпы еліміз бойынша 6 365 жуық реанимациялық төсек-орын қажет, оларды жабдықтау үшін қосымша 4 093 ӨЖЖ стационарлық аппаратын сатып алу қажет, бұл денсаулық сақтау ұйымдарының ахуал нашарлаған жағдайға әзірлігін қамтамасыз етеді.    

«Бұл қажеттілікті (4 093 бірлік) былай өтеу ұсынылады: Дүниежүзілік банктің займының босатылған қаражаты есебінен 5,5 млрд теңге сомасына 460 бірлік, өңірлердің әкімдіктерінің жергілікті бюджеттерінің резервтері мен қаражаты аясында 4,9 млрд теңге сомасына 409 бірлік ӨЖЖ аппаратын алу, бұл қосымша қажеттіліктің кемінде 10% қамтиды, отандық өндірістің жергіліктендірілуі мен іске қосылуын ескерумен Үкімет резервінен 38,7 млрд теңге сомасына 3 мыңнан аса бірлігін отандық өндірушілерден сатып алу ұсынылады», — деді А. Цой.

Министр нақтылағандай, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтері бойынша тамыз айынан бастап ӨЖЖ аппараттарын өнеркәсіптік өндіру жолға қойылады, 595 бірлік көлеміндегі алғашқы партиясы денсаулық сақтау ұйымдарына жөнелтіледі.   

Сонымен қатар, болжамды ескерумен 8 487 төсек-орын немесе жасақталатын төсек-орын қорының жалпы санынан кемінде 20%-ы оксигенотерапия (медициналық газдарды, оттегі концентраторларын т.б. жеткізу) арқылы қамтамасыз етілуі тиіс. Барлық өңірлерде оттегіні, сондай-ақ оттегі концентраторларын жергілікті өндірушілер және жеткізушілер бар.  

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрліктің індет кезінде қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша Ұлттық жоспар жобасын әзірлегенін атап өткен жөн, онда іс-шаралардың орталық және жергіліеті деңгейлерде бекітілуі қарастырылған. Қазіргі кезде осы жобаны келісу рәсімі аяқталуда. 

“Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған