Енді мектептерде ақша жинауға тыйым салынады

1 26 Білім

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Білім беру мекемелеріндегі «ақша жинау» фактілерін алдын алу» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Атырау облыстық департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов пен облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова қатысты.

1

Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – білім беру мекемелерінде заңсыз ақша жинау. Аталған мәселелерді шешу үшін ҚР Білім мен Ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» бекітілген. Қағидалар білім беру мекемелерінің міндетті қаржылық есептегі бюджет қаражатын мақсаттан тыс пайдалануды және сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алуға мүмкіндік береді.

Бүгінде мектепте мерекелерде, колледжге студенттерді қабылдау, балабақшаға тіркеуге тұру, жөндеуге ақша жинау фактісін болдырмау бағытында 251 млн. 576 мың теңге бөлінген. Енді ата-аналардан еш себепсіз ақша жинауға тыйым салынады. Яғни, соған байланысты қамқорлық кеңес құрылып, демеушілердің көмегімен қаржыландырылады.

«Жағдайы бар ата-аналар өз еркімен ақшаны «қамқорлық кеңеске» жинап береді. Мұндағы айырмашылық бұрынғыдай не сынып жетекшіге, не директорға берілмейді. Сол айтылған кеңеске түскен ақшаның барлығы ашық түрде есептеліп, сұралып отырады»,-дейді Т.Жұмағұлов.

Гүлдана Жамбозова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз