Енді армениялық көлікпен кедергісіз жүруге бола ма?

Жаңалықтар Журналистік зерделеу Мәселе Қоғам Құқық

Аtr.kz/26 мамыр, 2020 жыл. Жыл басында Армениядан арзанға әкелген көліктері жүйкеге жүк түсіріп, жұртшылықтың тығырыққа тірелгені белгілі. Себебі, Қазақстанда кедергісіз жүру үшін көлікті заңға сәйкес рәсімдеу керек. Таяуда бұл мәселе оң шешілгендей бол­ды.

Үкімет басшысы Асқар Мамин 20 мамырдан бастап Қазақстанда Армениядан әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеуге рұқсат беретін қаулыға қол қойды.

 Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген сол жақ рөлді көліктерді уақытша тіркеуге қойып, нөмір алу үшін бар-жоғы 11 мың 946 теңге төлеу жеткілікті. Оларды биыл 1 қыркүйекке дейін уақытша тіркеуден өткізу керек. Бұл уақытша тіркеу – бастапқы тіркеу мен баж салығын, утилизациялық алым төлемей-ақ, «темір тұлпарды» толық тозғанға дейін пайдалануға мүмкіндік береді. Үкімет қаулысында көрсетілгендей, бұл шешім автокөлік иелеріне оны өз атынан шығаруға құқық бермейді.

Күшіне енген құжат туралы облыстық полиция департаменті әкімшілік поли­ция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мырзалы Өтеғалиев егжей- тегжейлі түсіндірді.

«Үкіметтің қаулысы («Қазақстанға ә к е л у д і ң ж ә н е Қ а з а қ с т а н азаматтарының Арменияда тіркелген жеке көлік құралдарын пайдаланудың кейбір мәселелері туралы») біздің азаматтарға Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген автокөліктерді тіркеуге мүмкіндік береді. Осы жылдың 1 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында тіркеуден өтуге тиіс. Тағы бір талап – тек сол жақтағы басқару құралы бар автокөліктер тіркеуге жатады. Сондай-ақ, тіркелу үш төлеммен шектеледі: тіркеу жар­насы – 695 теңге, тіркеу куәлігі үшін төлем – 3 мың 473 теңге және мемлекеттік тіркеу нөмірі үшін – 7 мың 778 теңге. Төлемдердің жалпы сомасы 11 мың 946 теңгені құрайды» деді М.Өтеғалиев.

Мама н д а р дың а й т уынша , Қазақстанда берілген армян автокөліктерін тіркеу туралы куәлікте екі ерекше белгі тұрады. Бірінші «ТСРА» – бұл көліктің Армения­дан әкелінгенін және «өзге тұлғаға тіркелінбейтінін» көрсетеді, яғни, сыйға тартылмайды немесе сатылмай­ды деген сөз.

Сондай-ақ, уақытша тіркелген көліктің армяндық нөмірлері сақтауға тапсырылады. Елден кеткісі кел­ген жағдайда бастапқы нөмірлерін қайтарып алады. Уақытша тіркеуге алынған көліктердің барлығына сары түсті нөмір беріледі. Көлік иесінің тұрғылықты жері бойынша тіркелген техникалық құжатпен өзгеге сенімхат беріп, шетелге де шығуға болады.

Статистика бойынша, Армениядан әкелінген автокөліктің 15 пайызында басқару құралы оң жақта орналасқан. Әзірге «оң жақ рөлді» көліктердің мәселесі шешілмеген күйі қалды. Кейбір жүргізушілер уақытша тіркелу үшін рөлді сол жаққа ауыстыруға кеңес береді. Алайда, бұл көліктің қауіпсіздігіне ешкім кепіл бере алмай­ды. Тағы бір жолы – шетелге немесе қосалқы бөлшекке бұзып сатып жіберу.

Бір ескеретіні, Қазақстанда уақытша тіркелген көліктердің Арменияда есепте тұратынын ұмытпаған жөн. Көлік иелері сол елде салық төлеп, туындаған мүліктік мәселелерді шешу және сату үшін де сол елге баруға тиіс. Яғни, көлікті өз атағыңнан шығару, тек Арменияға кері сатқан жағдайда ғана мүмкін болады, немесе заңдылыққа сай Қазақстандағы барлық алымдар мен төлемдер төленген жағдайда тұрақты тіркеуге қойылады.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған