Енді 14 жасқа дейінгі балалар ұшақпен тегін ұшады

imlmrormoro Жаңалықтар

Аtr.kz/29 мамыр, 2020 жыл. Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеуінше, мұндай жеңілдік бір отбасының төрт баласына ғана жарамды.

Сол секілді, алдағы уақытта туристік аймақтардағы дәретханаларға жұмсалатын қаржыны да мемлекет субсидиялауы мүмкін. Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын салуға қатысқан кәсіпкерлер кеткен шығынның төрттен бірін қайтара алады. Ал, 2025 жылға қарай елімізде 3 миллионға жуық шетелдік және 8 миллион отандық турист қабылдау болжанып отыр.

Тағы бір қуантарлық жаңалық, қазақстандықтар Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Әзірбайжанға ұшуға рұқсат берілді. ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтің айтуынша, алдымен эпидемиологиялық қаупі аз Қытай, Оңтүстік Корея және Әзірбайжан сияқты елдерге ұшуға рұқсат беріледі. Алға қарай Түркия, БАӘ, Германия, Таиланд және Чехиямен де әуе қатынасы жанданбақ.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз