«Еңбек» – баршаға арналған бағдарлама

26yarmarka Жаңалықтар

Atr.kz/21 мамыр, 2019 жыл. Нәтижелі жұмыспен қамту және және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында не істеліп жатыр?. Бұл жөнінде  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Атырау филиалының директоры Гүлзада Шалағұлова баяндады.

Биыл аталған бағдарлама шеңберінде облыста  233 адам ықтимал несие алушы ретінде тіркеліп, олардың сұранысын қанағаттандыруға 781 млн. 805 мың теңгеге тапсырыс берілген. Бағдарламаға қатысуға ниет білдіріп, жобасы мақұлданған 9 адам 45 млн. теңге несие алуға қол жеткізген. Бұлардың арасынан төртеуі – Құрманғазы, үшеуі – Махамбет аудандарынан болса, Атырау қаласы мен Индерден бір-бірден болып отыр. Одан бөлек, 18 үміткердің жобасы мақұлдаудан өтіп, жалпы сомасы 66,5 млн.теңгеге қаржыландыру сатысына қойылған.

Гүлзада Айтжанқызының мәлімдеуінше, «Еңбек» бағыты «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының жалғасы. Мәселен, 2013 – 2016 жылдары бағдарламаға қатысып, сұраныстары шешімін тапқан үміткерлердің саны 1 142 адамды, ал, оларға қор арқылы қарызға берілген қаражат сомасы 2 млрд. 914 млн. 948 мың теңгені құрады. Ал, 2017 – 2018 жылдары бұл көрсеткіш 1 млрд. 234 млн.теңгеге тұрақтап, 315 адамның өтініші қанағаттандырылған. Қазір кәсібін бастауға ынталы ықтимал қарыз алушылардың қатары тағы да 35 адаммен толығып, оларға қосымша 181 млн. 175 мың теңге көлемінде қаржы бөлу жоспарланған.

Дәулетқали АРУЕВ

6a8ba6c184d436d4b649ca1d41ec1f8a
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз