Елтаңбада – елеулі өзгерістер

ЕЛТАҢБАДА – елеулі өзгерістер Жаңалықтар

Өткен жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» ұлттық стандарты бекітілді.

ЕЛТАҢБАДА – елеулі өзгерістер

Ол мемлекеттік рәміздерді дайындау мен бақылау әдісіне қойылатын техникалық талаптарды белгілейді. Оны қолдану мерзімі биылғы 1 шілдеге дейін белгіленді.

Мемлекеттік Елтаңбаны қолданатын мекемелер белгіленген мерзімге дейін ескі үлгідегі рәміздерді ауыстыруы қажет. Елтаңбаны қолдану «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Түсті бақылау әдісі спектрофотометр құралы арқылы жүзеге асады. Ол кез  келген бағытта өлшей алады. Ал, «профайлер» бағдарламасы кіріс өлшемдері мен шығыс өлшемдерін салыстыра отырып, түстің нақты сипаттамасын жасайды. Сөйтіп, аталған құрал көмегімен түстің үлгіге сәйкес келетіндігі жөнінде қорытынды шығаруға болады.

Бақытгүл Жұмалиева,

техникалық реттеу және метрология комитеті

облыстық департаментінің маманы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз