ЕЛОРДАНЫҢ ЖАҢА АТАУЫ ЗОР ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ

1382296391 024 Жаңалықтар

Atr.kz/23 наурыз, 2019 жыл.  «Нұр-Сұлтан» атауы халық жүрегінен ойып орын алатынына күмәнім жоқ. Бұл – Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің түлегі Гүлфара БИСЕНОВАНЫҢ пікірі.

«Филолог ретінде айтарым, «нұр» мен «сұлтан» сөздерінің өзара қосылысы «нұрлы шуағын шашқан шаһарлардың сұлтаны» деген мағынаға саяды» дейді ол. Айтуынша, қазақ сөздерінің этимологиясына назар аударатын болсақ, бұл атауды егемен еліміздің басты қаласына беру өте орынды.

– Екіншіден, еліміз үшін ең ардақтауға лайық тұлға болса, ол – тәуелсіз мемлекет құрушы тұлғамыз Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы. Сондықтан, халқымыз бүгін ел тарихындағы ең дұрыс шешімдерінің бірін қабылдады деп сенемін, – деген тіл маманы жаңа атауға оң көзқарас танытып отыр.

Оның сөзінше, Үкімет те жүздеген ұлт пен ұлыстан құралған қазақстандықтармен ақылдасып барып осындай шешімге келіп отыр. Демек, бұл – Қазақ елінің ортақ мұраты деп білейік. Сөз соңында ол алар асуымыз бен бағындырар биігіміз көп болғай деген тілегін білдірді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз