ЕЛОРДАДАН ЖЕТКЕН МАРАПАТ

Қоғамдық тұрақтылықты қалыптастыру жолында еселі еңбек етіп жүрген бір топ азамат ел Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына ие болды. Атыраулықтарға жолдаған Мемлекет басшысының марапатын облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан табыстады. 

Шара барысында Шыңғыс Жұмабекұлы тарих қойнауына еніп бара жатқан биылғы жылдың маңыздылығына тоқталды. «Қазақта қос тойың қатар болсын» деген керемет сөз бар. Бұл жылы қазақ халқы төрт тойын қатар тойлады. Қазақ хандығының-550, Ұлы Жеңістің-70, Ата заңымыз бен Ассамблеяға  20 жыл толуы еліміз үшін елеулі тарихи даталар болды. Сондықтан да, ел бірлігін, тыныштығын нығайту бағытында сіздерге берілген марапаттың маңызы ерекше», – деді ол.

«Жайық Универсал» ЖШС директоры Талапиден Омарғалиев «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл» мерекелік медалін иеленді. Ассамблеяның Құрмет грамотасыАтырау облысы әкімі аппаратының  «Қоғамдық келісім» мекемесінің бас сарапшысы Өмірбек Бекежан мен облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясының басшысы Мұхамбетқали Кипиевке табысталды.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен Атырау облыстық халықтық шығармашылық орталығы директорының орынбасары Абат Кенжеғалиев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті Жеңісбек Мұстафин мен осы оқу орнының жетекші ғылыми қызметкері Қылышбай Сүндетұлы марапатталды.

Ал, қайрымдылық ізгі істері үшін Мемлекет басшысының Алғыс хатына ие болғандар қатарында облыстық «Татулық» татар-башқұрт, «Видергебурт» неміс, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің ұжымы да бар. «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының жетекшісі Айгерім Досқалиева мен «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық  бірлестігінің жетекшісі Ерлан Күмісқалиев Елбасының Алғыс хатын иеленді.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА.                     

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз