Елорда сан алуан алпауыт елдер бас қосатын әлем шаһарына айналды

prezident alemdik zhane dasturli Жаңалықтар

Atr.kz/25 наурыз, 2019 жыл. «Жақсылықтың бағасын білер текті халық, ұлысты ұлт өзінің ізгілігі мол қасиеттерін қорғанатын сауытындай сақтап санамызға жарғыдай бекітіп, дарытты. Үміт күтті» дейді «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының саясаттанушылар орталығының мүшесі Әділбек Өмірзақов.

«Елбасымыздың жанында табылып, даналықтың туын ұстаған, парасаттылықтың шыңы болған абыздарымыз – Мырзатай Жолдасбеков, Әбіш Кекілбаевтың тәуелсіздік тұғырын бірге бекіткен кемеңгер кеңесшілер екендігін атап айтуымыз қажет. Біздің еліміз 1991 жылдан – қазіргі кезеңге дейін шет елдермен терезесі тең, іргесі берік елге айналды. Мәңгілік Ел құру идеясының алғышарттары орындалып жатыр.

Жыл сайынғы Елбасымыздың Жолдаулары тәуелсіздіктің жастары үшін үлкен қолдау білдірсе, 100 нақты қадам болашақтағы өміріміздің кепіліне айналғаны сөзсіз. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени ахуалы қалыпты деңгейде дамуы үшін біздер бар қажыр – қайратымызбен қоғамның әр түрлі күрделі мәселелерін бірге шешіп, болашақта заңғар биіктіктен көк туымыздың желбіреуіне жан аямай қызмет етуіміз керек. Өркениетті елдермен қатар тұрған өркені жайылған биік бәйтеректі қазықтай қағып, жүрекке алау отын шамшырақтай жағып астанамыздың төріне татулық пен тұрақтылықтың символындай орнатқанымыз күні кеше ғана еді. Бүгінде Елорда сан алуан алпауыт елдер бас қосатын әсем шаһарына айналды.

IMG 20190325 WA0073
Әділбек Өмірзақов

Іргетасын өзі қалаған, нұрлы жолдың даңғылында сан ұрпақ ғұмыр кешкен Астанамыздың авторы – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екені сөзсіз. Елдік пен бірлікті қашанда қастерлі тұмарындай, ақжүректі анасындай қадір тұтқан қазақ даласының кез – келген ұлағатты ұрпағы сөзімді қолдайтыны анық. Егемен елдің ертеңі – жастардың қолында деген қадірлі қағида бар. Жастардың терең ойлы абзал азамат атануына бүгінде бар жағдай жасалуда. Сапар шеккен жас түлектің асқақ арманы – «Болашақ» бағдарламасымен жалғасты.

Ел жастарының ұлттық құндылықтарын бойына одан әрі сіңіру үшін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»,»Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларының рөлі зор. Қазақ Елінің ертеңіне елеулі үлес қосар білімді әрі зерделі жастардың қоғамдық және саяси өмірде атқаратын рөлі айқын. Алдағы уақытта біздің басты мұратымыз – бірлігі мен болашағы тең, іргелі отыз елдің қатарына ену екендігі анық. Тәу етер тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын. Жастар жылында жарқын жетістіктер көп болсын» деді спикер Atr.kz-мен арадағы сұхбатта.

Азамат Базарбаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз