Еліміздің Парламент Сенатының депутаттығына үміткерлер тіркелді

1458646488 11 Жаңалықтар

Atr.kz / 26 маусым, 2020 жыл.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 73-бабына сәйкес Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:

Лұқпанов Сағындық Есенғалиұлы, 1960 жылы туған, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-нің басқарушы директоры-басқарма мүшесі, «Nur Otan» партиясының мүшесі, Атырау қаласының тұрғыны;
Смағұлов Серік Мұраденұлы, 1976 жылы туған, «АТМА-Атырау Әуежайы және тасымалдау» АҚ басқарма басшысының орынбасары, Атырау қаласының тұрғыны;
Сейілханов Сағын Темірханұлы, 1962 жылы туған, «ҚТЖ» ҰК АҚ» – «Атырау магистральдық желі бөлімшесінің» бас инженері, Атырау қаласының тұрғыны;
Арыстан Серік Бисешұлы, 1965 жылы туған, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің департамент директоры, Атырау қаласының тұрғыны;
Қарабаева Айжан Сәрсенқызы, 1976 жылы туған, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің директоры, Атырау қаласының тұрғыны.

«Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз