Еліміздің батысында 40° ыстық болады

12684b Жаңалықтар

Atr.kz/19 маусым, 2019 жыл «Қазгидромет» мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

«ҚазАқпарат»-тың хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы күрт суытады. Жоғарғы атмосфералық қысымның аясында Қазақстанның солтүстік аймағы арқылы жылжитын фронттар тек кей жерлерде ғана найзағай мен өткінші жаңбыр алып келеді. Еліміздің оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Екпінді жел тұрады. Ал, батыс пен оңтүстік аймақтарда ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы 30…35, кей жерлерде 36…40°С-қа дейін көтеріледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз