Еліміздің бірнеше жанармай бекетінде бензин бағасы қымбаттап кетті

Жаңалықтар

Қазақстандық кейбір жанармай бекеттерінде бензин маркаларының бағасы тағы қымбаттады деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

pogudx241tjffqp6lg.ef1c07f7

Мәселен, Sinooil жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин 140-тан 143 теңгеге дейін қымбаттаса, АИ-95 пен АИ-96 155 теңгеге өсті.

Ал, Helios бекеттерінде АИ-92 бензині 140 теңгеден 142 теңгеге дейін қымбаттады. АИ-95 маркасы – 154 теңгеден, АИ-95 Prime – 165 теңгеден, АИ-98 164 теңгеден сатылып жатыр.

Осылайша, елімізде сұйық отын бағасын қымбаттатпай ұстап отырған жалғыз жанармай бекеті қалды, ол – Royal Petrol. Мұндай АИ-92 бензині 140 теңгеден сатылуда. Ал, АИ-95 – 155 теңге, АИ-98 – 165 теңге.

Еске салайық, «Қазмұнайгаз» мен «Лукойл» жанармай бекеттерінде бензин бағалары қымбаттаған болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз