Коронавирус жұқтырушылардың қашан күрт азаятыны белгілі болды

photo 63301 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/2 сәуір, 2020 жыл. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев жақын арада қалада коронавируспен ауырған адамдардың саны күрт төмендейді деп болжап отыр.

«Азаматтар, отбасы мен ұжым арасындағы қарым-қатынасты барынша шектеу коронавирус инфекциясы таралуының төмендеуіне ықпал етеді. Егер адам өзін жоғары деңгейде оқшаулайтын болса, біз жақын арада қала тұрғындары арасында Covid-19 дертінің күрт төмендейтініне сенеміз», – деді Әбілдаев брифингте.

Айта кетейік, Алматыда қазір провизорлық орталықтарда 619 адам бар, оның 81-і бала. 

Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның ішінде 50 бала бар. Үй карантинінде 3853 азамат бар.

Жалпы қала бойынша 11 науқас коронавирустан емделіп шықты. Енді олар 14 күн үй карантинінде болады.

«Спутник Қазақстан»

http://atr.kz/bez-rubriki/koronaviruspen-k%d2%afresip-zhat%d2%9ban-atyrauly%d2%9b-d%d3%99rigerlerdi%d2%a3-al%d2%93ash%d2%9by-videosy-pajda-boldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз