Елімізде күн ашық болғанымен, кейбір аймақтарда жел тұрады

Жаңалықтар

Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болады. Күн ашық болғанымен, жел күшейіп, кейбір аймақтарда шаң көтеріледі деп хабарлайды Хабар арнасы.

pogudx3p6t24nhdvv.7cb536a4

Республиканың батысында және шығыс-батысында ауа ағынының әсерінен кей жерлерде жаңбыр жауады. Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, ал күндіз  Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында жел күшейіп, 15-20 м/с жел соғады.

Ал Оңтүстік Қазақстан облысында оның жылдамдығы  25 м/с дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз