Электр тогынан жарақат алды

  Өткен сәрсенбіде Атырау облысында өндірісте екі қайғылы оқиға орын алып, электр жөндеушілер жарақаттанып қалды. Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Белгілі болғанындай, оқыс оқиғаның бірі Исатай ауданы, Аққыстау поселкесінен сегіз шақырым жерде болды. Атырау электрмен қамту дистанциясының электр жөндеушісі теміржолда электр бағанынан құлап, басынан біраз жарақат алған. Ол облыстық ауруханаға жеткізіліп, бүгінде дәрігерлердің бақылауында. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, оның жағдайы – «тұрақты ауыр». Сондай-ақ, мұндай жағдай дәл сол күні Атырау қаласында «Атырау су арнасы» КМК базасында қайталанды. Кәсіпорын қызметкерін электр қалқанымен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 380 вольтты кернеудегі ток соғады. Зардап шегушінің денесінің 20-30 пайызын күйік шалған. Оқиға орын алған сәтте ол облыстық ауруханаға жеткізіліпті.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз