Елбасымыз бәрімізге тыныш күн мен тату ғұмырды тарту етті

IMG 20190325 WA0218 Жаңалықтар


Atr.kz/ 25 наурыз, 2019 жыл. Бүгінгі “Елордамыз – Нұр-Сұлтан” шарасына қатысқан «Жас Отан» жастар қанаты ұйымының белсенді мүшесі Әділжан Хамзин ортақ мүддеге ұйысуға шақырды.

– Қайырлы күн, егемен елдің еңсесін түсірмеген, ұл-қызы жұлдыз, топырағы нәрлі, өзегі әнді айшықты мекен тұрғындары! Атадан балаға мирас болып, әлімсақтан жалғасқан тәуелсіздікті  ата-бабамыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғады. Елбасымыз бәрімізге тыныш күн мен тату ғұмырды тарту етті.

IMG 20190325 WA0184

Бүгін ҚР Президенті Қасымжомарт Кемелұлының бастамасымен Елордамыздың «Нұр-Сұлтан» болып өзгеруі дер кезінде қабылданған оңды шешім болды деп ойлаймын. Елбасы жастарға әркез айрықша шабыт беріп отырады. Олай болса, ортақ мүддеде ұйысып, ел үшін еңбек етіп, тер төгу керек, – деді ол.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз