Елбасы Үкіметке «Жас маман» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

DSC03273 Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Үкіметке «Жас маман» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бағдарлама 100/200 қағидаты бойынша жұмыс істейді.
DSC03950

«Біз оның аясында 200 жаңғыртылған оқу орны базасында ең қажет индустриялды-сервистік 100 мамандық бойынша мамандар даярлығымыз келеді. Әр өңірде бір университетті үздік ету керек. Назарбаев университетіне жақындату керек» деді президент Жастар жылының ашылуына арналған салтанатты жиында. Сондай-ақ, Назарбаев заманауи технологиялармен жабдықталған 10 үздік колледж қажет екенін де атап өтті. «Бұл мақсатқа біз ақша жұмсап, заманауи жабдықтың 400 жиынтығын сатып аламыз. Қазақстанның барлық жүйе құраушы кәсіпорны мен әр өңірдің ірі бизнесіне бұл жұмысқа қатысуын ұсынамын» деді Елбасы.

Жаңғыртылған оқу орындарының жанында жастардың инновациялық жобаларын қолдайтын стартап-орталықтарын құру керектігі де айтылды. «Нәтижесінде үш жыл ішінде біз 200 мыңнан аса маманды жаңа стандарттар бойынша даярлап, 15 мыңнан астам оқытушының біліктілігін арттырамыз», — деді Назарбаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз