Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімдерімен телефон арқылы не туралы сөйлесті?

nazarbayev 613x400 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/4 сәуір, 2020 жыл. Өңірлердің төтенше жағдай кезіндегі ахуалы, азаматтардың қауіпсіздігі мен азық-түлікпен қамтамасыз ету.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерімен телефон арқылы осы мәселелер жөнінде сөйлесті. Бірінші кезекте өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, індеттің таралмауына қатысты шаралар талқыланды. «Nur Otan» партиясы филиалдары тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау да сөз болды. Әкімдер төтенше жағдай кезінде адамдар мен бизнесті демеу шараларын одан әрі жүзеге асыруға дайын екенін айтты.

Сондай-ақ оңтүстік өңірлердегі көктемгі егіс науқаны мен солтүстік аймақтардың оған дайындығы, жекелеген облыстарда су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою мәселелері де сөз болды.

«Atr-Ақпарат»

http://atr.kz/bez-rubriki/mұnajly-shaһar-kөsheleri-kүn-sajyn-zalalsyzdandyryluda-foto/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз