ЕЛБАСЫ және ЕЛОРДА

presidential club 1068x601 1 Жаңалықтар

Atr.kz/29 қараша, 2019 жыл. Тәуелсіздіктің елең-алаң тұсында қабылданған тарихи шешім. Сындарлы сәт. Кемел көшбасшылық. Қайтпас қайраткерлік рух. Қиын-қыстау кезеңдегі Президенттің күрескерлік, көшбасшылық қасиетінің бүгінгі жеңісі – Алты Алаштың мақтанына айналған ару қала Нұр-Сұлтан!

Әлем қай елді болмасын бас қаласына қарап танитыны ақиқат. Ерке Есіл жағасын бойлай орналасқан келбетті де, сәулетті қала – Отанымыздың жүрегі. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Нұр-Сұлтан қаласының «Әлем қаласы» атағын алуы – ел мерейі, айшықты бас қаламыздың дүниежүзі назарына ілігіп, лайықты бағалануы. Жері жұтаң, ауа райы қолайсыз, Арқадағы Ақмоланың айтулы астанаға айналу жолын – Тұңғыш Президент-Елбасының ерен жетістігі, еңселі еңбегінің жемісі дегеніміз дұрыс болар.

Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі. 2019 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталды.

Қазіргі уақытта астананың а у м а ғ ы 7 2 2 ш а р ш ы шақырымнан, тұрғындар саны 1 млн. асады. Қала – «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» және «Байқоңыр» аудандарынан тұрады. Нұр-Сұлтан Қазақстанның орталығынан солтүстікке қарай құрғақ далалық өлкеде, құрғақ бозды-бетегелі дала аймағында орналасқан. Қала аумағы аласа терраса – жайылма жер бедері түрінде келеді.

Есіл өзені – елорданың басты су көзі. Ауа райы күрт континентальды – қысы суық әрі ұзақ, жаз мезгілі ыстық және бірқалыпты қуаң. Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы бас қаланы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды.

Бүгінде астана халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де ісшаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Соңғы жылдар ішінде Қазақстанның елордасы бірнеше рет барша әлемдік қоғамдастықтың басты назарында болды. Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, Астана экономикалық форумы және өзге де маңызды халықаралық оқиғалар тұрақты түрде өтіп келеді.

Нұр-Сұлтанда ЕҚЫҰның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері болып өтті. 2011 жылдың басында республиканың елордасы VII Қысқы Азия ойындарының қ а т ы с у ш ы л а р ы м е н қонақтарын қабылдады. 2017 жылы елордада Э К С П О – 2 0 1 7 халықаралық көрмесі өтті, оған Есіл өзенінің сол жағалауында көрме кешені – ЭКСПОқалашығы бой көтерді.

« Э К С П О – 2 0 1 7 » к ө р м е с і н і ң а р х и т е к т у р а л ы қ символына айналған көрме кешенінің орталық Алып шар тәрізді ғимарат – әлемдегі ең үлкен сфера. Оның диаметрі 80 метр болса, биіктігі – 100 метр. Сегіз қабаттан тұратын нысанның әр қабаты ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетикалық энергияға арналған.

Ал сегізінші қабат «Астана – болашақтың қаласы 2050» экспозициясына арнайы бөлінген. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық т а б ы с ы н а а й н а л д ы .

Нұрсұлтан Назарбаев НұрСұлтанның 20 жылдық мерейтойына арналған өзінің бағдарламалық сөзінде жаңа қаланың даму философиясын өте анық және бейнелі түрде айқындап берді:
«Еуразияның қақ ортасында салынған жаңа астананың модернизациялық миссиясы мол. Мұнда жаңа кеңістік, жаңа координаттар жүйесі, жаңа уақыт пайда болды. Бұл жалпы жаңару мен жаңа тәртіптің пайда болуына серпін береді.

Бүгінде әлемге оппозиция қажет емес, үйлесім, даму және ынтымақтастық. Сондықтан е л о р д а ш ы ғ а р а т ы н ізгілік пен қазақстандық құндылықтардың нұры бүкіл планетаға тарайды және ризашылыққа ие болады».

  • Әр елдің астанасы – сол елдің төлқұжаты. «Астанасына қарап, елін таниды» деген Елбасы сөзінде терең мән бар. Мемлекет басшысының «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: «Қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады. Олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбайтын өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар» деген жолдар бар.
  • Расында да, жаңа астана тарихы – ертегіге бергісіз ақиқат. Президенттің перзентіндей болған астанаға Елбасының идеялық еңбегі ғана сіңген жоқ, қаланы жасыл желекке көмкерген бас бағбаны да, ажарын сәнді еткен бас сәулетшісі де Мемлекет басшысы болды. Сондықтан да, Елбасы мен Елорда – егіз ұғым. Уақыттан оза шапқан бүгінгі астана – тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі.

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз