Елбасы – Астананың авторы һәм сәулетшісі

vetton ru 517907wwwartfileru Жаңалықтар


Atr.kz/20 наурыз, 2019 жыл. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бас қаламыз Астананың атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы ұсынысын білдірген болатын. Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, суретші Камила ЖАПАЛОВА мұның дұрыс пікір екенін айтады.

– Себебі, Астана – Елбасының төл перзенті, – дейді ол. – Елбасы – Астананың авторы, һәм сәулетшісі. Бас қаламыздың құрылысы әлемді сұлулығымен таң қалдырған. Сайын Сарыарқаның сары белінде сан қилы сәулет үлгілері сап түзеп, ажары – әйбәт, салтанаты – саңлақ шырайлы шаһардың құрылысы қарқын алған сайын барша қазақстандықтардың кеудесінде мақтаныш сезімі маздай түсті. Шежіресі ғасырлар қойнауынан сыр шертетін бүгінгі Астананың сән-сәулеті барша халықтың көз алдында дамып, миллиондаған халықтың көзайымына айналды. Асқақтаған Астана туралы сөз қозғағанда, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ой-қиялынан туындап, бүкіл әлемге әйгіленген «Бәйтерек» сынды символы, Бейбітшілік пен келісім сарайы және келешек керуеніндей бой түзеген басқа да әкімшілік ғимараттары ауызға алдымен ілігеді.

s1200

Тұңғыш президентіміз осыған дейін ұлтымыздың ұясы, Қазақстан секілді қыран елдің тұғыры болған Астананың  мәртебесін  асқақтатып,  өз қолтаңбасын қалдырды. Қилы-қилы тарихи кезеңдерді басынан өткеріп, «мың өліп, мың тірілген» қазақ елі қашан да Елбасы еңбегін бағалаймыз.


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз