ЕЛ ЧЕМПИОНЫНЫҢ ЕНДІГІ АРМАНЫ ҚАНДАЙ?

shhgshh Жаңалықтар


Atr.kz/25 наурыз, 2019 жыл. Өскемен қаласында джиу-джитсуден  Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп,  еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар арасында 60 келі салмақта  өнер көрсеткен Данияр Байымбетов  ел чемпионы атанды.

Осы арқылы ол әр мемлекеттің кіл мықтылары бас қосатын әлем чемпионатына жолдама алып отыр. Осы орайда жерлес спортшымызға бірер сұрақ қою мүмкіндігі пайда болған еді: 

  -Қазақстан чемпионатына деген дайындығыңыз қалай болды?

– Ел біріншілігіне жақсы дайындалдым. Қыркүйек айынан бастап тынбай жаттығу жасадым. Осымен қоса, өңіріміздегі белгілі дзюдошылардың жаттығуларына қатысып, тәжірибе алмастым.

-Жарыста қиыншылықтар, қобалжу болды ма?

-Жарыс барысында бойымнан еш қобалжуды байқамадым.  Өскемен сапарында аздап шаршаңқырадым, сол себепті бойымда шамалы әлсіздік болғаны рас. Дегенмен, бойымды тез жиып алып, жарысқа сақадай сай болдым. Өзім үшін және елім үшін жеңуге тырыстым. Ол арманым да орындалды.

– Әлем чемпионаты туралы не айтасыз?

-Иә, бұйырса  Біріккен Араб Әмірліктері мемлекетінің  Абу Даби қаласында әлем чемпионаты өтеді. Әрине, ендігі мақсатым Әлем чемпионы болу.

-Жеңіске жеткен кезде қандай сезімде болдыңыз?

-Өте керемет сезімде болдым. Өте қатты қуандым. Қуанышымның себебі, өзіме сенген бапкерімнің үмітін ақтадым.

– Сұхбатыңызға рахмет, Әлем чемпионы болуыңызға тілектеспін.

Арманай НАБИЕВА,  

Х.Досмұхаммедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті  журналистика мамандығының 2 курс студенті

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз