Экспоға билеттерді қалай тегін аласыз?

көрме Жаңалықтар

ЕХРО билеттерін тегін алудың жолдары қандай? Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында осы мәселені түсіндіріп берген Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Склярдің айтуынша, жеңілдікке қол жеткізу аса қиын емес.

көрме

«Мәселен, «Жолаушылар тасымалы» АҚ бұған дейін халық-аралық көрме билеттерін көптеп сатып алған еді. Билеттердің құны – 4000-8000 теңге аралығында. Енді міне, осы билеттер жеңілдікпен беріліп жатыр» деген спикердің айтуынша, ол үшін пойызға жол жүру билетін алу жеткілікті. «Облыс орталықтарына, шалғайға қатынайтын пойызға билет алсаңыз, ЕХРО билетін 45 пайыздық жеңілдікпен қоса алуға мүмкіндік бар. Ал, «Тұлпар – Тальго» пойызына билет алынса, көрме билеті жолаушыға тегін беріледі» деп атап өтті вице-министр.

Еске сала кетелік, шетелдіктерді қоспағанда, Астана көрмесіне еліміздің түкпір-түкпірінен 1 миллион 800 мың адам келеді деп күтілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз