«Дина» сауда орталығында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ашылды

A0hGiHIzLQE Жаңалықтар


Мұнда мекен-жай анықтамасы, үйінің жоқтығы-барлығы туралы анықтама т.б. құжаттарды шығаруға мүмкіндік бар. Жалпы, 500-ден астам электронды қызмет көрсетілмек.

A0hGiHIzLQE

Тек, қызмет алушы адамның қолында ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) болуы шарт. Сәйкесінше, аталған сектор Халыққа қызмет көрсету орталығының маманымен қамтылған. Ол кез-келген жанға кеңес беруге әзір.

«Басты мақсат – электронды түрде халыққа қолжетімді, сапалы қызмет көрсету. Сонымен қатар, қазіргі таңда облыстағы барлық жоғары оқу орындарында студенттерге қолайлы жағдай жасау үшін осындай бұрыштар қосылды. Бұл бір жағынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді» дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Руслан Тұңғышбаев.

Мұндай орталықтың ашылғанына қала тұрғындары да дән риза.

«Бүгін «Дина» сауда орталығында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ашылып, қуанып жатырмыз. Бұрын бір анықтаманы алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына баратын едік. Біз сияқты сауда-саттықпен айналысатын жанға бұл қиындық келтіретін. Енді бәрі қасымызда, өте ыңғайлы, тиімді. Мысалы, мен жаңа ғана мекен-жай анықтамасын алдым. Бір минутта шығарып берді» дейді қала тұрғыны Баян Искакова.

Алдағы уақытта, осындай өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары қаладағы барлық сауда орталықтарында ашылатыны жоспарланған.

Айдос Қарабала.

Фото автордікі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз