«Атырау Барыстары»: Балкан лигасындағы сәтсіздіктер

file 1304675168 262039289 Жаңалықтар


   Баскетболдан Қазақстанның екі дүркін чемпионы «Атырау Барыстары» клубы – Балкан лигасы біріншілігіне 2010 жылдан бері  қатысып жүрген Орталық Азиядағы тұңғыш  команда.

file 1304675168 262039289

   Аталған лигада Болгария, Албания, Македония, Косово елдерінен  барлығы жеті азулы баскетбол клубтары өнер көрсетеді.

  «Атырау Барыстары» Балкан лигасындағы биылғы ойындарын сәтсіз өткізіп жүр. Олар Болгарияның «Берое» клубынан 100:68, ал, кеше түнде Македонияның  «Блокотехна» баскетболшыларынан 85:72 есебімен жеңіліс тапты. Қазір жерлестеріміз 9 кездесуден кейін 11 ұпаймен турнир кестесінің алтыншы сатысында келеді.

   Біріншіліктің қалған ойындары наурыз айында жалғасады.

                                                                                                          Бақытжан ЖҰМАТ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз